НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қызылорда облысындағы МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады.
"Биыл 27 наурызда ҚР Қарулы күштері тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан әскери борышын өтеу кезінде борттағы 13 әскери қызметкер оқу-жаттығулар барысында қаза тапты. Қазақстан Қарулы күштерінің бүкіл жеке құрамы қаза тапқан жауынгер жолдастарының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген әскери ведомствоның мәлімдемесінде.
Қорғаныс министрлігі қаза болған әскерилердің отбасына моральдық және материалдық көмек көрсететін болады.
Еске сала кетсек, кеше "Алтын жебе" атты арнаулы бөлімдердің оқу-жаттығуы аясында Ақтаудан Шымкентке аттанған МИ-8 тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырады. Бортта 13 экипаж мүшесі мен жолаушы болған. Олардың аты-жөні желіде жарияланды.
Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты - оқиға орнында түсірілген видео
Қайғылы оқиғаны тергеуді қорғаныс және ішкі істер министрліктері қолға алды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Тоқаев Қызылордадағы тікұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады