Қоғам

"Барби" атанған шымкенттік қыздың пәктік туралы пікірі жұртты елең еткізді 

21 жастағы қазақстандық "қуыршақ қыз" Кореяда тұратын болып шықты. Оның 30 жасқа дейін тұрмысқа шыққысы жоқ
Sputnik

АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. 21 жастағы қазақстандық қуыршақ қыз – модель Әсел Мұстафаева отандық "Кеш қалмайық" телебағдарламасына берген сұқбатында кәрі қызға қатысты көзқарасы мен пәктік туралы пікірін ашық білдірді.  

"Дәрігерлер тыйым салды"

Дене бітіміне күтім жасағанды ұнататын қыз қалай ауруханадан бір-ақ шыққанын баяндап берді.  

"Арықтағанды қатты жақсы көремін. Мысалы, менің бойым 173 см, салмағым – 42 келі. Бірақ салмағымның 38 болғанын қалаймын. Сол үшін арықтауға да тырыстым. Бірақ 42 келі кезімде қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Дәрігерлер енді маған ары қарай арықтауға қатаң тыйым салды", - дейді ол.

"Жігітімді тастап кеттім"

Түрікменстанда пәктігі табылмаған қыздарды бүкіл мектепке масқаралап жатыр
Басынан бақайшағына дейін өзгертіп, өзін сұлумын деп санайтын Әсел өмірінде бір-ақ жігітпен жүрген болып шықты.

"Мұның бәрін жігіт қарасын деп жасамаймын. Өзім сұлулықты жақсы көремін, соны кәсіп еткім келеді. Сол үшін тырысамын. Ал өмірімде тек бір жігіт болды. Бірақ тұрмыс құру әлі ойымда болмағандықтан, оны жайына жібердім", - дейді Әсел.

Иә, еркек атаулыны өзіне еліткен "қуыршақ қызға" жігіт емес, карьера маңызды болып шықты. Ол, тіпті кәрі қыз болып қалудан қорықпайды да екен.

"25-тен қалса кәрі қыз болады, оған ешкім қарамайды деген түсінік бар біздің қоғамда. Бірақ ол бізде ғана ғой. Ал мен Кореядамын.

 Ол жақта 30-дан асып кеткен құрбыларым бар. Бірақ олар тұрмысқа шықпай қалдым деп қатты уайымдамайды. Мысалы, оларда 30-дан кейін күйеуге тию дұрыс деп саналады", - дейді сұлу.

"Әлі қызбын..."

 Ару болашақта жұмысының Кореямен байланысты болатынына сенімді.

"Бүгінгі уақытта Кореяда модель болып жұмыс істеймін. Әрі онда студентпін. Кезінде Алматыда кәрістер кастинг өткізді. Сол іріктеуден сәтті өттім. Олар корей тілін үйреткен. Сондықтан, яғни корей тілін білгендіктен сол елге оқуға баруды жөн көрдім. Оған қоса модель агенттігімен келісімшарт жасап, жұмыс та істеймін", - дейді ол.

"Мән берген жоқпын". Қазақстанның ең сұлу аруы өзін сынағандарға жауап берді
Студия қонақтары түрленіп, арықтап, сан түрлі реңкпен боянуына қыздың ата-анасы қалай қарағанын білгісі келді. Бұған Әсел былай жауап қатты:

"Ел алдына 15 жасымнан бастап шыға бастадым ғой. "Шымкент аруы" деген сұлулық байқауына қатысып, жеңімпаз аттандым. Одан соң Қазақ аруына шақырды. Солай кете берді. Ата-анам мұндайда маған қолдау білдіріп отырды. Олар еш қарсы емес. Мен ата-анам ренжитіндей жалаңаш суретімді немесе басқа да ұятсыз нәрселерді желіге салып жатқаным жоқ қой".

Бұдан бөлек ару анасы берген басты тәлім-тәрбиені айтуды да ұмытпады.

"Анамның маған берген тәлімінің бірі егер санаң болса арыңды сақтауың керек деді. Онысы ақылға қонымды енді" деген модель өзінің әлі қыз екенін де білдіріп қалды.