НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Сабри Седири мен Сэм Максвелл бос тұрған WBO чемпионы титулы үшін жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы боксшылардың жекпе-жегінде күтпеген оқиға болды. Осы сәттің видеосын BT Sport Twitter-аккаунтында жариялады.
Седири ұпай санымен ұтып тұрған, алайда жекпе-жектің соңына жарты минут қалғанда ол бокстасуды қойып, қарсыласын келемеждей бастайды.
Седири осы әрекеті үшін сазайын тартты. Жекпе-жектің аяқталуына 10 секунд қалғанда ол Максвелдің жойқын соққысын өткізіп алып, ауыр нокаутқа түсіп қалды.
Осылайша британиялық боксшы ұпай санымен жеңіске жетуге титтей де мүмкіндігі болмаса да, чемпион атанды.