НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз - Sputnik. Қызылорда облысында апатқа ұшыраған әскери тікұшақтың экипаж мүшелері қаза тапты, деп хабарлады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
27 наурызда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Қорғаныс министрлігі әскери-әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 13 адам болған. Тікұшақ 4 әскери тікұшақтан тұратын бөлімнің құрамында Ақтау қаласынан Шымкент қаласына бара жатқан. Министрліктің хабарлауынша, төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды, ал біреуі апат орнына қайтып оралды.
"Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен министрліктің арнайы құрылған комиссиясы апат орнына жіберілді. Ол ішкі істер министрлігімен бірлесіп, оқиғаның себебін тергеуді бастады.