Оқиға

Қызылорда облысында тікұшақ құлап, өртеніп кетті

Әуе кемесі Қазақстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі болып шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында тікұшақ құлап, өртеніп кетті, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.  

"27 наурыз күні сағат 17:35-те "112" пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы құлағаны туралы хабарлама түсті", - деп жазылған ақпаратта.

Тікұшақ белгісіз себеппен құлап, түгі қалмай өртеніп кеткен. Әуе кемесі ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі болып шықты. Апаттың себебі анықталып жатыр.