Өңірлер

Қазақстанның екі облысында киіктерді қырып тастағандар ұсталды

Күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. 17 наурызда Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйізі кесілген жүзден астам өлі киік табылды, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстанда заңсыз киік аулаған шекарашы ұсталды
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тәжірибелі полиция қызметкерлері мен кинологтардан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Полиция қызметкрелері киікті жаппай атты деген күдікпен бір топ адамды, оның ішінде Ауылшаруашылық министрлігінің "Охотзоопром" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторын ұстады. 

Күдіктілерге қатысты сот шешімімен "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Күдіктілердің тұратын жерлерін тінту барысында қылмыс қарулары, сондай-ақ киік мүйіздері алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.