Оқиға

Нұр-Сұлтандағы үш автобус апатынан 27 адам зардап шекті: төртеуі әл үстінде жатыр

Зардап шеккен жолаушылар қалалық ауруханаға жеткізілген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Елордада болған жантүршігерлік жол апатынан 27 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Эльвира Жүргенбаеваның сөзіне сүйенсек, зардап шеккен 25 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Нұр-Сұлтандағы үш автобус апатынан 27 адам зардап шекті: төртеуі әл үстінде жатыр

"Жол апатынан 27 жолаушы зардап шегіп, 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы қаза тапты. 25 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 4 жолаушының жағдайы ауыр, 3 адамға операция жасалып жатыр. Ал 3 науқас ауруханадағы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында", - деді ол.

Нұр-Сұлтандағы үш автобус апатынан 27 адам зардап шекті: төртеуі әл үстінде жатыр

Сонымен қатар, Жүргенбаева хабарлағандай, зардап шеккен фельдшер қалалық №1 ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургия бөліміне жатқызылған екен. Тағы бір зардап шеккен фельдшер амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ол тізесінен жарақат алған, жағдайы қанағаттанарлық.

Нұр-Сұлтандағы үш автобус апатынан 27 адам зардап шекті: төртеуі әл үстінде жатыр

Еске сала кетсек, бүгін таңертең 9.40 кезінде Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус жантүршігерлік жол апатына түсті. Әуелі қала сыртына қатынайтын №303 автобус №12 бағдарлы автобуспен соқтығысып, содан соң №53 автобус пен жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшыраған. Полиция жол апатының қалай болғаны анықтап жатыр.