НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз - Sputnik. Шымкенттіктер еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды қолдады, деп хабарлайды жергілікті Отырар басылымы.
Шымкентте өткен халықаралық Ashyk aspan фестивалінде тұрғындарды мерекемен құттықтаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен көпке танымал рэп орындаушы Nazimа елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайтындарын мәлімдеген.
Олардың үндеуін іліп алып кеткен 20 мыңнан астам көрермен "Нұр-Сұлтан, Қазақстан!" деп ұрандата жөнелді.
Фестиваль танымал әнші Nazima-ның концертімен аяқталды. Ұйымдастырушылар Шымкенттің аспанын жап-жарық еткен мерекелік отшашу сыйлады.