Саясат

Президент Тоқаев Шпекбаев пен Асановқа тапсырма берді

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасына "100 нақыт қадам" ұлт жоспарын жүзеге асыруды тапсырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Бақытжан Сағынтаев пен Әсет Исекешев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысына агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары туралы баяндалған.

Сонымен бірге, Шпекбаев президентке мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы күрес пен мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау барысы туралы мәлімет берді.

Тоқаев ведомство басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездескен.

Асанов Қазақстан президентіне сот жүйесін жаңғырту барысы жөнінде баяндап, "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыру аясында орындалған тапсырмалар туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы сот жүйесін жетілдіруді жалғастырып, халықтың сот билігіне сенімін арттыруға бағытталған шараларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.