25 наурызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
25 наурызда әлемде қандай қызық оқиғалар болды
Бүгін - Халықаралық құлдықтан азат ету үшін күресте қаза болғандарды, іс-түзсіз жоғалғандарды құрметпен еске алу күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылдың қарашасында бекіткен. Ал 25 наурыз күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1985 жылы осы күні БҰҰ қызметкері, журналист Алек Коллетты ұрлап кеткен болатын. Мейрамның басты мақсаты – гуманитарлық мақсатта қызмет атқаратын адамдардың жиі шабуылға ұшырайтынына ел назарын аудару.
1981 жылы 25 наурызда Грекия Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күні олар Тәуелсіздік мерекесін тойлайды. 1975 жылдың 11 маусымында қабылданған ел Конституциясы бойынша, Грекия - президент басқаратын парламенттік республика. Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 1 қазанында орнатылды.
Бүгін Ресейде мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл күні осы салада талмай еңбек етіп, аямай тер төккен адамдардың жұмысы бағаланып, арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Сондай-ақ, бүгін - Халықаралық вафли күні. Бұл мерекені тойлауды швециялықтар ойлап тапқан. Қыс бітіп, көктем келгенде шведтер жер өңдеуге кірісетін. Осы кезде үйде тәттінің бір түрі – вафли пісіріліп, егістік алқап басындағы жұмысшыларға таратылған. Вафли әлемнің көп елінде сүйіп жейтін, кеңінен тараған тәтті түрі. Қазақстанда да вафлидің бірнеше түрі өндіріледі.
25 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1857 жылы алғаш рет Күннің тұтылуы суретке түсірілді;
1857 жылы Леон Скотт дыбыстардың дірілін тіркейтін алғашқы құрылғы – фонавтографты паттентеді;
1916 жылы АҚШ-та әйелдерге бокс тамашалауға рұқсат берген;
1988 жылы австралиялық Невилл Паттен әлемдегі ең кішкентай пойызды құрастырды, оның дөңгелегінің диаметрі небәрі 2 см еді.
25 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1891 жылы Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже қабылданды. Оған 1891 жылы 25 наурызда Ресей императоры Александр III қол қойған. Ережеге сәйкес Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығымен қатар тағы бір әкімшілік бөлік — Дала генерал-губернаторлығы құрылып, орталығы — Омбы қаласы болды;
1930 жылы қазіргі Балқаш ауданына қарасты Бақалы жерінде Бәрібаев шаруалар көтерілісі болды. Кеңес өкіметінің ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін саясаты мен ашаршылық қаупіне шыдамаған жергілікті шаруалар ұйымдасып, қарсылық танытты;
1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаттарының алғашқы демократиялық сайлауы өтті;
1993 жылы Қазақстан Республикасы Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің мүшелігіне қабылданды;
2014 жылы Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
25 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1947 жылы британ рок-әншісі, композитор әрі пианист, Британ корольдігінің кавалер орденінің иегері, жауынгер-бакалавр Элтон Джон дүниеге келді;
1950 жылы "Что? Где? Когда?" клубының мүшесі, ресейлік тележүргізуші, бард Борис Бурда дүниеге келді;
1956 жылы ресейлік актер, әзілкеш, Шифрин театрының көркемдік жетекшісі Ефим Шифрин дүниеге келді;
1965 жылы америкалық актриса, "Секс в большом городе" фильмімен көпшілікке танымал Сара Джессика Паркер дүниеге келді;
1976 жылы кәсіби бокста ауыр салмақта өнер көрсететін украин боксері Владимир Кличко дүниеге келді.
25 наурызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1895 жылы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Нығмет Нұрмақов дүниеге келді;
1944 жылы ақын, Жазушылар одағының мүшесі Ғұсман Жандыбаев дүниеге келді;
1946 жылы күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Қаршыға Ахмедияров дүниеге келді;
1949 жылы жазушы Ерғали Сағат дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Мерген белгісінде орналасады. Бұл күні айналаңызға зер салып, аса мұқият болыңыз. Өйткені қабылдаған шешіміңіз өзіңізге ғана емес, жақындарыңызға да ықпалын тигізеді. Сәл де болса күмәніңіз болса, маңызды шешім қабылдауды кейінге қалдырған жөн.