Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан тұрғындары үйдің құжатын қашан ауыстырады: әділет министрлігі жауап берді

Кеше Қазақстан астанасының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгерген болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Астана атауының өзгеруіне байланысты тұрғындар жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжаттарды ауыстыруға міндетті емес, деп хабарлайды Қазақстанның әділет министрлігі.

"Ұрпақ алдындағы парызымыз" Асқар Мамин елорданың жаңа атауы туралы пікір білдірді

Ведомство бұған келесі құжаттардың жататынын атап өтті: сатып алу-сату шарты, сыйлыққа беру, пайдалануға қабылдау актілері, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу құжаттарын да ауыстырмауға болады: туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, неке қию куәлігі және некені бұзу туралы куәлік.

"Құжаттарда бұрынғы астана атауы жазылып тұрса, жарамсыз деп танылмайды. Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесінде елді мекен атауы Нұр-Сұлтан қаласы болып автоматты түрде өзгереді", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдары және басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар халыққа қызмет көрсеткенде құжаттарды бұрынғыдай қабылдай береді.

Құқықтық мәселе жөнінде қалай ақыл-кеңес алуға болады?

Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тәулік бойы мәлімет бере алатынын атап өтті.

Ол үшін қазақстандықтар 119 нөміріне хабарласа алады.

Ал Нұр-Сұлтан және Алматы тұрғындары 58-00-58 нөміріне қоңырау шалып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап табады.

Сонымен қатар, WhatsApp мессенджері арқылы +7 708 693 56 31 нөміріне хабарласу мүмкіндігі бар.