Видео

Димаш Құдайберген НТВ арнасында: кадрдан тыс қалған қызықтар – эксклюзивті видео

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 23 наурыз күні НТВ телеарнасындағы "Центральное телевидение" бағдарламасына қатысты
Sputnik

Димаш Құдайбергеннің қалай өнер көрсеткенін Sputnik Қазақстан тілшісі видеоға түсіріп алды.

"Қазақ екенімді мақтан тұтамын": Димаштың Мәскеудегі екінші концерті де дүркіреп өтті

"Центральное телевидение" бағдарламасында әлемді зор дауысымен мойындатып жүрген қазақстандық француз әншісі Лара Фабианның сөзіне, танымал ресейлік композитор Игорь Крутойдың музыкасына жазылған "Мадемуазель Хайд" әнін тамылжыта орындады.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген 22-23 наурыз күндері Мәскеудің Кремль сахнасында алғашқы жеке концертін берді. Екеуі де аншлагпен өтті.

Димашқа қолдау көрсету үшін Ресейдің астанасына оның жанкүйерлері ұшып барды. Қазақстандық әншінің концертіне 56 елдің көрермені қатысты.