АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы мемлекет басшысы твиттердегі парақшасында жазды.
"Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметшілердің жалақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма бердім", - деп жазды Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметшінің жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді.
Тағы оқыңыз: Әлемдік көшбасшылар Тоқаев туралы не ойлайды?
Еске сала кетсек, ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 30 процентке көбейтуді тапсырған болатын.