Мәдениет

Назарбаев Наурыз мейрамына алтын түстес шапан мен бөрік киіп келді – фото

Назарбаев пен Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Sputnik

АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Бүгін елордадағы "ЭКСПО" кешені алаңындаңы этноауылда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен жаңа басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Наурыз мейрамы қарсаңында елорда қалай өзгерді - фото
Бүгін қазақстандықтар үшін Наурыз мейрамы ерекше. Ел халқы Ұлыстың ұлы күнін Қазақстанның жаңа президентімен қарсы алып жатыр. Елорданың ЭКСПО кешені аумағындағы этноауылға жиналған халық қарасы қалың. Тұрғындар мен қала қонақтарын көктем мерекесімен құттықтауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

Тұңғыш президент пен жаңа президентті жиналған жұрт зор ықыласпен қарсы алды. Танымал әнші Роза Рымбаева әннен шашу шашты.

Елбасы Наурыз мейрамына алтын түстес шапан мен бөрік киіп келген.  Назарбаев пен Тоқаев этноауылды аралап, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Сонымен қатар, олармен бірге президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, премьер-министр Асқар Мамин, министрлер де келді.