АCТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Бүгін Ақордада президент әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Жиынға президент әкімшілігінің басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ президенттің көмекшілері қатысты.
Жиын барысында ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қазақстан президенті осы саладағы және халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы бар басқа да салалардағы бағдарламаларды сапалы орындауға баса мән берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыттар бойынша туындайтын проблемаларды шұғыл әрі тиімді шешудің маңыздылығын айтты.
Тоқаевтың туған күні президент жайлы не айтады - нумеролог түсіндіріп берді
Сонымен қатар, мемлекет басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, президент әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.