Қоғам

Тоқаевтың туған күні президент жайлы не дейді? Нумеролог айтып берді

Нумеролог президент қызметіне жаңадан кіріскен Тоқаевтың туған күнін зерттеп болжам айтты
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 НАУРЫЗ — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкасын жариялау үшін таңдап алған 2019 жылдың 19 наурызы, сағат 19:00 уақыты - мәлімдеме жасау үшін ең қолайлы. Бұл туралы нумеролог Ирина Кальницкая Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында айтты.

"19 наурыздағы бірінші 1 саны бір өзгерістің келе жатқанын, жаңаруды білдіреді. Ал 19 саны бүтіндей карьерадағы ең мықты сан, ол күннің символы іспетті. Бір сөзбен айтқанда, биліктің ауысу кезеңінің 19-шы күнге келуі бізде барлығы жақсы болатынын білдіреді", - дейді нумеролог.

Ирина Кальницкая 19 санынан шығатын энергия да кез келген ақпаратты жеңіл қабылдауға қолайлы болғанын айтады.

"Кеше кез келген адаммен ешқандай кедергісіз байланыс орнатуға болатын сондай жайлы күн болды", – дейді ол.

Тоқаев қандай саясат жүргізетінін мәлімдеді
Сондай-ақ маман президент боп үлгерген Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күнін де екшеп көрді. Ол кісі 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген екен.

"17 – жұлдыздар мен жаратушының саны. Сол секілді, қараңызшы, бүгінгі күн де бірігу, жаңа жол символын білдіреді. Яғни, бұл күн қазақстандықтардың бір отбасы секілді жарқын болашаққа бірге қадам басуға әзір екенін көрсетеді", - дейді Кальницкая.

Президент сайлауын, нумерологтың пікірінше, сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында өткізген дұрыс. Өйткені бұл кезеңдегі даталарда билік пен заңның күші бар. Сондай-ақ мемлекет басшысын сайлауға нумеролог тамыз айы жақсы келетінін айтады. Өйткені бұл ай әділдік айы боп табылады екен.

Тағы оқыңыз: Тоқаев президент болса, елдің бағы жанады – шетелдік саясаткер

Айта кетсек, кеше – 19 наурызда кешкі сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатындығын жариялады. 20 наурызда түсте парламент қабырғасында жаңадан президент болған Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады. Қазақстанда сайлау өтіп, жаңа президент тағайындалғанша оның өкілеттігі заңды боп табылады.