Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 наурыз

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 80-ші күн. Жыл соңына дейін 285 күн қалды.
Sputnik

21 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            21 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күні. ЮНЕСКО құжатында айтылғандай, мерекені атап өтудің басты мақсаты – халық арасында өлең жолдары арқылы тілдесуді насихаттау, сонымен қатар жоғалып бара жатқан ұлттық тілдердің қолданыс аясын кеңейту. Поэзия күні жаппай өлең оқу шаралары ұйымдастырылып, БАҚ-та поэзияның адам өміріндегі маңызы және басқа өнер түрлерімен өзара байланысы туралы жазылады. Шығармашылық кештерде танымал ақындар поэзияның арқасында адамдар жан тебіренісі мен сезімін әдемі өлең жолдары арқылы жеткізе алатынын түсіндіреді.

Сондай-ақ, бүгін – Халықаралық Даун синдромына шалдыққан науқас күні. Мерекені енгізуді 2006 жылы осы тақырыпқа арналған VI симпозиум қатысушылары ұсынды. 21 наурыз күні кездейсоқ таңдалмаған: бұл сан - Даун синдромының символикасы. Хромосомалардың біріндегі трисомияның салдарынан адам осы дертке шалдығады екен. 21-ші хромосоманың үш бірдей көшірмесі болады. Бұл ауруды "күнтізбе тіліне" үшінші айдың 21-ші жұлдызы деп аударыпты.

Сонымен қатар бүгін Twitter әлеуметтік желісі туған күнін тойлап жатыр. 2006 жылы 21 наурызда бағдарламалық қамсыздандыру саласында еңбек жолын бастаған жас әрі болашағы зор бағдарламалаушы Джек Дорси осы желідегі алғашқы хабарламасын жариялады. Әлеуметтік желідегі посттың мәтіні 140 символдан ғана тұруы тиіс, себебі о баста Дорси Twitter арқылы адамдар SMS жазысады деп ойлаған. Twitter сөзі ағылшын тілінен аударғанда "шықылықтау" дегенді білдіреді, бірақ желінің негізін қалаушы бұл ұғымды ауыспалы мағынада пайдаланып, "шағын ғана, мән-мағынасыз мәліметті" сипаттапты. Әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, әлем елдерінің 90%-да үкіметтің ресми Twitter парақшасы бар. Twitter логотипі – кішкентай құс, оның бейнесі жылдар өткен сайын өзгеріп, барынша қарапайым кейіпке еніп келеді.

            21 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1917 жылы Романовтар әулеті қамауға алынды. 1918 жылы шілденің 16-сынан 17-ісіне қараған түні ұсталғандардың бәрін атып тастады;

1922 жылы Лондонда Ватерлоо вокзалы ашыды;

1925 жылы АҚШ-тың Теннесси штатында білім беру мекемелерінің бәрінде Дарвин теориясын оқытуға тыйым салатын заң қабылданды;

1963 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско айлағында қауіпсіздік деңгейі жоғары Алькатрас түрмесі жабылды.

            21 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1950 жылы Өскеменде Бүкілодақтық түсті металл ғылыми-зерттеу институтының негізі қаланды;

1994 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасында достық және ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылған;

2016 жылы Қазақстанның парламент мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарының сайлауы болды;

2017 жылы Түркістан қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып ресми түрде жарияланды.

            21 наурызда әлемде дүниеге келген тұлғалар

1889 жылы орыс және кеңестік эстрада әртісі,  киноактер, композитор, ақын әрі әнші, XX ғасырдың бірінші жартысындағы эстрада кумирі Александр Вертинский дүниеге келді;

1895 жылы кеңестік эстрада әртісі, әнші, мәнерлеп оқу өнерінің шебері, оркестр жетекшісі, киноактер Леонид Утесов дүниеге келді;

1950 жылы кеңестік және ресейлік дипломат әрі мемлекет қайраткері Сергей Лавров дүниеге келді. Төтенше әрі Уәкілетті елші. 2004 жылдың 9 наурызынан бастап Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі;

1962 жылы америкалық киноактер Мэттью Бродерик өмірге келді (фильмдері: "Приключения Десперо", "Годзилла", "Ночь, в которую мы с тобой так никогда и не встретились").

            21 наурызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1925 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаев дүниеге келді;

1947 жылы физика-математика ғылымдарының докторы, "Ғарыштық зерттеулер және технология ұлттық орталығы" АҚ-ның ғылыми жетекшісі Жұмабек Жантаев дүниеге келді;

1951 жылы техникалық ғылымдардың докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық ғылым академиясы жоғары мектебінің академигі Оңдасын Әшімов дүниеге келді;

            Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде орналасады. Бүгін бүге-шігесіне дейін есептеуді талап ететін аса маңызды шаруаны кейінге қалдырғаныңыз жөн. Денсаулығыңызға ерекше мән беріп, дұрыс тамақтануға тырысыңыз: фастфуд жеп, кола ішуді әдетке айналдырудың соңы жақсылыққа апармайды.