АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталықтарындағы маңызды көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның пікірінше, Қазақстанның тұңғыш президентінің есімі халық жадында мәңгі сақталуы керек.
Тағы оқыңыз: Халық Қаһарманы атағы берілді
"Барлық облыс орталығындағы орталық көшелерді Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау қажет деп санаймын. Менің ойымша, барлығы келіседі", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.