АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде алғашқы сөзін сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Аса қадірлі Елбасы, құрметті парламент депутаттары, үкімет мүшелері, құрметті отандастар! Кеше наурыздың 19 наурыз барша әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды. Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы, ұлы тұлға, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен мемлекет басшысы өкілеттігін тапсырды. Елбасының бұл жігерлі шешімі оның жаһандық деңгейдегі және тарихи ауқымдағы саяси қайраткер ретінде ұлылығын көрсетті", - деді Тоқаев.
Ол Қазақстанның жетістіктері тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болғанын айтты.
"Елбасы Кеңес одағының күйреген қалдықтарынан қалған аса күрделі геосаяи жағдайда жаңа мемлекеттің іргесін қалады және оның көшін бастады. Көптеген теріс болжамдарға қарамастан, мемлекетті барша әлем мойындаған табыстарға жеткізді. Дүниежүзі картасында қарқынды даму, демократия, келісім мен бейбіт өмірдің шынайы символына айналған мемлекет пайда болды", - деді жаңа президент.
Тағы оқыңыз: Әбдіқалықова өз пікірін айтты
Сонымен қатар, Тоқаев Елбасы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жаңа мемлекеттік институттардың негізін салғанын еске салды. Олардың қатарында президенттік институт, қос палаталы парламент, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер, дипломатиялық қызмет, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары бар.