Саясат

Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Назарбаевты Бейжіңдегі халықаралық форумға шақырды
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев: Қытай қаптап жатқан жоқ, мен осы жерде не қарап отырмын?
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ҚХР арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қытай дипломаты Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Бейжіңде сәуірде өтетін "Бір белдеу, бір жол" 2-ші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысуға шақыру хатын тапсырды.