Саясат

"Ұлы саясаткер" Мемлекет басшылары Назарбаевтың отставкасын қалай қабылдады

Қазақстанның тұңғыш президенті кеше телеэфирде өз өкілеттігін тоқтатты, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін басқарады  
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін жариялаған соң мемлекет басшыларымен не жайлы сөйлескенін айтты.

Әлем лидерлері Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің басшысымен алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Путин мен Назарбаев отставканы талқылады

Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты
Мемлекеттер басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін атқаруын 2019 жылғы 20 наурыздан бастап тоқтатуына байланысты қабылдаған шешімі жөнінде әңгімелесті.

Мирзиеев Назарбаевтың шешіміне өкініш білдірді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты "осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі Президент" деп атады.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

"Бауырлас халықтардың қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосты"

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков те Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Лукашенко Назарбаевпен көп жылғы достығын жоғары бағалайды

Тоқаев президент болса, елдің бағы жанады – шетелдік саясаткер
Беларусь президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Пашинян Назарбаевтың рөлін атап өтті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.

Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.