Қоғам

Елбасыны қимаған танымал қазақ әншісі ағыл-тегіл жылады - видео

Әнші Елбасының халқына сіңірген еңбегі зор екенін айтады
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Әнші Индира Расылхан инстаграмдағы парақшасына видео жүктеп, елдің көңілін толқытты. Өз видеосында әнші Елбасымен қимай қоштасып, көз жасына ерік беріпті.

"...Алғаш президент боп сайланған кезде ол кісінің алдына шығып, ән салғанмын. Ол кезде 17-ақ жаста едім. "Әнің де, дауысың да өте әдемі екен" деп ең бірінші маған шабыт берген де сол кісі еді. Қазір естіп отырмын, кәдімгідей көңілім бұзылды. Сіздің еңбегіңіз орасан зор. Аман болыңыз!" - дейді видеода әнші бетін жуған көз-жасын жеңімен сүртіп.

Әншінің көңіл толқынысын парақшасына тіркелушілердің көбісі қолдап, оған демеу берді. Желідегілер де өз кезегінде Елбасын қимай жатқанын жазып, өз пікірлерін қалдырған.

Ал біреулері әншінің басындағы орамалды сынға алған.

"Немене қара орамал тағып, жаман ырым бастап отырсың" деп ұрысқан өзіне.