Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең ант береді

Президент міндетін атқару сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Қазақстан халқына ант береді, деп хабарлайды Ақорда.

Сенат төрағасы Тоқаев президент міндетін уақытша атқарады

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардың эфирінде президент ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген еді.

"Қазақстан Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап президент өкілеттігін атқаруды тоқтатамын. Конституцияның 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді", - делінген жарлық мәтінінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы қызықты деректер

Конституцияның 42-бабы 2-тармағына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында 12:00-де ант береді.