Өңірлер

Шымкентте оқушылардың неден уланғаны белгілі болды

Мектептен 600 метр қашықта орналасқан газ бөлуші стансадан табиғи газ шыққан
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Шымкенттегі мектепте оқушылар мен қызметкерлердің неден уланғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысында бүтін бір отбасы уланып қалды: біреуі қаза тапқан
Еске сала кетсек, 18 наурызда Шымкенттегі № 54 мектепте оқушылар белгісіз заттан уланып, ауруханаға түскен еді. Барлығының басы айналып, жүрегі айнып, есінен танған.

Бекшиннің айтуынша, алғашқы сағаттарда 30 оқушы ауруханаға түскен, түнде тағы 9 адам жеткізіліпті.

"Бұған мектептен 600 метр қашықта орналасқан газ бөлуші қосалқы стансасында табиғи газдың шығуы себеп болған. Шымкенттің газ қызметі оны бірден тоқтатты", - деді бас санитарлық дәрігер.

Ол қосалқы станса мен мектеп аумағында бақылау зерттеулері жүргізілгеннен кейін зиянды заттар табылмағанын айтты.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін балалардың барлығы үйіне жіберілген. Енді олар тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік дәрігердің бақылауында болады.