АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Абай Бисембаевты өзінің көмекшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
"Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген мәтінде.
Сонымен қатар, Махмұд Қасымбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария етті.
Тағы оқыңыз: Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты
Президенттің өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең сағат 12:00-де парламент палаталарының бірлескен отырысында ант береді.