АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Қазақстандық саясаткер Айдос Сарым өзінің Facebook парақшасында тұңғыш президенттің өкілеттігін тоқтатуына қатысты пікірін білдірді.
"Шынымды айтсам күтпедім. Билікке таңғалмайтынмын. Бірақ бүгін мені таңғалдырды. Не дегенмен, бұл тарих", - деп жазған саясаткер өз парақшасында.
Еске салсақ, бүгін халыққа үндеуінде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны жайлы мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысының міндетін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша атқаратын болады. Алайда Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan партиясының басшысы болып қала береді.