АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Нысан мен біздің планетаның арасы 22 наурыз күні барынша қысқармақ. Ол шамамен 305 мың шақырым аралықта ұшып өтеді деп күтіліп отыр. Бұл - Жер мен Ай арасындағы қашықтықтан 80 мың шақырымға аз, деп хабарлайды РИА Новости.
Астероидтың жылдамдығы секундына бес шақырым шамасында, диаметрі – 18-40 метрге дейін жетеді.
Қыркүйек айында NASA ғалымдары Жерге өлшемі 70-тен 160 метрге дейінгі SP1 астероидының жақындағаны жайлы хабарлаған болатын. Нысан ғаламшардан 5,87 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтті.