Дерекқор

Ақмола облыстық орыс драма театры

Театрдың алғашқы маусымы "Интервенция" пьесасымен ашылды
Sputnik

Театрдың құрылуы

Ақмола облыстық орыс драма театры өз шымылдығын 1977 жылдың қазан айында ашты. Оның ұжымы жарты ғасырға жуық уақыт бойы  көрерменін сан  түрлі қойылыммен қуантып келеді. Театрдың негізін қалаушылардың бірі - Яков Куклинский. Ол 20 жыл бойы өнер ошағының шығармашылық жетекшісі болған. Театрдың алғашқы маусымы "Интервенция" пьесасымен басталды.

Театр репертуары

Қазіргі таңда Ақмола облыстық орыс драма театрының репертуарында драма, комедия, мелодрама мен рок-опера да бар. "Язычники", "Курица", "Двенадцатая ночь", "Бесприданница" қойылымдары сахналанады. Театрда қазақ авторлары С. Сейфуллин, Ш. Уәлиханов, С. Жүнісов пен орыс классиктері А. Чехов пен Н. Гоголь туындылары қойылды.

Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры

Өткен жылдың өзінде театр 13 жаңа спектакль сахналады. Оның сегізі ересектерге, бесеуі балаларға арналған. С. Беловтың "Мамуля" комедиясы, А. Бронникованың "А может, не было войны" қойылымы, Н. Кауардтың "Невероятный сеанс" тылсым оқиғасы, Ш. Айтматовтың "Плаха" қойылымы бар.  Қоюшы режиссер - Ш. Дыйқанбаев, қоюшы суретші - С. Ниязақынов.

Театр Н. Беленицкаяның тастанды балалар проблемасын көтеретін "Письма к папеньке" қойылымын сахналады. С. Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасының желісі бойынша "Оқжетпес" драмалық балладасы қойылды.

Балаларға арналған "Киндер – театр" қуыршақ театры жұмыс істейді. Оның репертуары үнемі жаңарып отырады. "Қаңбақ шал", "Гуси-лебеди", "Лоскутик", "Красная Шапочка" ертегілері, "Волшебник изумрудного города" шоу-спектаклі де кішкентай көрермендерге жол тартып отыр.

Ақмола облыстық орыс драма театры

Жетістіктері мен жүлделері

Театр труппасы үнемі В. Крылов, В. Овчинников, Н. Жүнісов, Е. Лукьянова, С. Тавгань, О. Бондаренко сынды дарынды әртістерге бай болды. Облыстық орыс драма театрының пьесаларына өнерсүйер қауыммен қатар кәсіпқой сыншылар да әрдайым жоғары баға береді.

  • 1980 жылы Д.Йештің "Фаворит" пьесасы Венгр драматургиясы фестивалінде мойындалды.
  • 1981 жыл Х.Вуолийокидің "Женщины Нискавуори" қойылымы Финляндиядағы драмалық өнер фестивалінің дипломанты атанды.
  • 1984 жылы А. Чханидзенің "С трех до шести" қойылымы республикалық спектакльдер байқауында жеңіске жетті.
  • 1988 жылы Г.Данаиловтың "Осень следователя" қойылымы болгар драматургиясы фестивалінің дипломанты болды.
  • 2005 жылы режиссер Ю.Кокорин қойған О.Жанайдаровтың "Ночные звезды" қойылымы - республикалық театр фестивалінің дипломанты.

2005-2008 жылдар аралығында "Пиковая дама", "Волшебная лампа Алладина" және "Упырь" спектакльдері халықаралық және республикалық байқаулардың дипломын иеленді.

Астанадағы "Аттракцион Плэйхаус" тәуелсіз театры

2009 жылы А.Цагарелидің "Ханума" қойылымы Ресейде өткен орыс театрларының халықаралық фестивалінен "Көрермен көзайымы" марапатын еншілеп қайтты.

2011 жылы Н.Гоголь пьесасы желісі бойынша жазылған "Ночь перед Рождеством" музыкалық комедиясында А. Красноштанов "Екінші пландағы үздік ер рөлі" номинациясын жеңіп алды.

2014 жылы В.Легентовтың  "Эдит Пиаф" спектакліндегі басты рөлі үшін  Людмила Недзельская  "Жыл актрисасы" атанды. 

2016 жылы қоюшы-режиссер О.Луцивтің "Панночка" қойылымы орыс театрларының халықаралық фестивалінде  "Үздік музыкалық шешімі үшін" дипломымен марапатталды.  

2017 жылы XXV Қазақстанның драмалық театрлары байқауында  Андрей Владимиров "Үздік ер рөлі" аталымында жеңіске жетті. Ол "Панночка" спектаклінде  Хома Бруттың рөлін сомдады. Ал Андрей Шаповалов болса, "Үміт" аталымында үздік деп танылды.

Ақмола облыстық орыс драма театры

2018 жылы А.Островскийдің "Бесприданница" қойылымы  XIII халықаралық театр фестивалі лауреатының дипломын алды. Ш.Айтматовтың "Плаха" желісі бойынша әзірленген қойылым Каспий маңы елдерінің ІІ Халықаралық театр фестивалінде диплом иеленді. Ал Василий Гречанников "Екінші пландағы үздік ер рөлі" номинациясында жеңіске жетті.