"Еркем-ай" гастрольдік балалар театры 2018 жылы Орал қаласында Дмитрий Калининнің жеке кәсіпкерлік нысаны ретінде өз жұмысын бастады. Театр ұжымы Қазақстанды аралап мектептерде, балабақшаларда, мәдениет сарайларында өнер көрсетеді.
Қазіргі кезде театр жол қозғалысы тәртібіне қатысты "Жаяу жүргіншілер ғылымдарының мектебі" қойылымын қойып, кішкентай көрермендер тарапынан үлкен қолдауға ие болуда.
Бұл - ойын түріндегі білім бағдарламасын қамтитын спектакль. Оны тамашалаған балалар жолда қалай жүру керектігін, неден сақтануы тиіс, неге назар аудару керектігі туралы кеңінен мағлұмат ала алады.