АСТАНА,17 наурыз - Sputnik. Ресейлік әнші Юлия Началова 16 наурыз, сенбі күні өмірден озды, деп хабарлайды Риа Новости. Әртістің өлімі жайлы ақпаратты оның пиар-директоры растады.
Әншінің қант диабетімен сырқаттанғаны белгілі. Наурыздың 11-і күні қант деңгейі күрт өсіп, аяғы іріңдей бастаған әртіс ауруханаға жеткізілген. 13 наурызда ол жасанды комаға түсті. Сенбі ота жасалған соң, әнші есін жимастан ауруханада көз жұмды.
Юлия Началова 1981 жылдың 31 қаңтарында Воронежде дүниеге келген. 5 жасынан бастап сахнада өнер көрсеткен әнші 1992 жылы "Утренняя звезда" байқауында жеңіске жетті. 1995 жылы Кристина Агилераны артта қалдырып, Нью-Йорктегі Big Apple-95 фестивалінде бас жүлдені ұтып алды.
"Учитель", "Белая сирень", "Любить тебя", "Я выбираю", "Для тебя", "Герой не моего романа" әндерінің орындаушысы.
Юлия Началова екі рет тұрмысқа шықты. Артында екінші күйеуі футболшы Евгений Алдониннен туған Вера есімді 13 жастағы қызы қалды.