Елорда тынысы

Астанадағы жарылыс: үйінді астынан бір адамның денесі табылды

Астанада ғимаратта газ жарылып, салдарынан бір әйел көз жұмды, тағы үшеуі зардап шекті
Sputnik

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Астанада ғимараттардың бірінде газ баллоны жарылып, үйінді астынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды - видео
Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, әйелдің денесі сенбіге қараған түні сағат 01:18-де табылған.

Бұған дейін ғимараттың ішінде орналасқан кәсіпорынның есепшісі үйінді астында қалуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Еске сала кетсек, кеше сағат 17:06-да Алаш тас жолындағы "МолПродуктсервис" компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды. Салдарынан бірінші және екінші қабаттардың арасы опырылып түскен.

Тағы оқыңыз: Астанадағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды: зардап шеккендер бар - фото

1991 және 1970 жылғы екі ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 1979 жылғы әйел Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды.