15 наурызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
15 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін – бүкіләлемдік тұтынушылардың құқығын қорғау күні. Ол алғаш рет 1983 жылы 15 наурызда аталып өтті. Бұл мейрам – АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің 1961 жылы 15 наурызда Конгресте тұтынушылардың құқығы жайында сөйлеген сөзімен байланысты. Онда Кеннеди тұтынушылар қатарына барлық адам жатынын айтып, тұтынушылардың ақпарат алу, қауіпсіздік, таңдау және хабардар болу құқығына ие екенін жария етті. Кейін мереке кәсіби ортада және қарапайым халық тарапынан қолдау тауып, жыл сайын белгілі бір тақырыпта салтанатты жиындар ұйымдастырыла бастады. Тақырыпты бүкіләлемдік тұтынушылар одағының ұйымы бекітеді.
Сонымен қатар, 15 наурыз – халықаралық итбалықтың баласын (бельки) қорғау күні (International Day of Action for the Seals). Бұл мейрам халықаралық жануарларды қорғау қорының (IFAW) бастамасымен әлемнің көптеген елінде аталып өте бастады. Гренландиялық итбалықтың баласы өте сүйкімді, балықпен қоректенеді. Аңшылар оларды қымбат терісі үшін аулайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын аталған жануардың терісі Еуропа, Ресей, Қытайда және әлемнің көптеген елінде заңды түрде сатылып келген. Итбалық Солтүстік теңіз, Ақ теңіз, Баренц, Кар және Гренландия теңіздерінде мекендейді.
Сондай-ақ бүгін – Халықаралық қайырымды іс жасау күні. Мейрамды тойлау 2007 жылы Израильде болған оқиғадан басталды. Онда 7 000 адам жиналып, көмекке мұқтаж жандарға жақсылық жасаған. Бұл бастамаға әлем халқы бей-жай қарай алмады. Бүкіл жұрт көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға ниет білдірген болатын. Мейрамға қатысатын адамдардың саны жыл сайын артып келеді.
15 наурыз – Халықаралық полиция қатыгездігіне қарсы күрес күні. Алғаш рет 1997 жылы аталып өтті. Оған Монреаль қаласындағы "Полиция қаталдығына қарсы әрекет ұжымы" мен "Қара жалау" швейцариялық тобы бастамашы болған.
15 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1811 жылы Австрия банкрот болып жарияланды;
1812 жылы Калифорнияда "Русская река" алғашқы орыс қонысының негізі қаланды;
1820 жылы Мэн АҚШ-тың 23-ші штаты болды;
1892 жылы америкалық өнертапқыш Джесс Рено тұңғыш эскалаторды патенттеді;
1906 жылы англиялық Rolls Royce компаниясы тіркелді;
1938 жылы Сауд Арабиясында алғаш рет мұнай алынды;
1985 жылы тұңғыш com. домені тікелді;
1990 жылы КСРО халық депутаттарының кезектен тыс үшінші съезінде Горбачев КСРО президенті болып сайланды. Ал 1991 жылы биліктен шеттетілді.
15 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1922 жылы Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде "Мойылды" демалыс орны өз жұмысын бастады;
1947 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында астроботаника секторы ашылды;
1991 жылы Қазақ КСР президентінің жарлығымен Наурыз мейрамы ресми мереке ретінде бекітілді;
1999 жылы Жинақтаушы зейнетақы қорларына құйылатын міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстаудың және аударудың ережелері бекітілді;
2002 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысымен еліміздегі ірі акционерлік қоғамның бірі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ құрылды.
Оның активтері 3,3 миллард долларға бағаланды;
2005 жылы Орал қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, милиция генерал-майоры Наурыз Өтегенов тұрған Почиталин көшесіндегі үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Ол І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, "Қызыл Ту" ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Еңбегі үшін" медальдарымен марапатталған;
2010 жылы Қазақстанда алғашқы Al Hilal ислам банкі ашылды. Банк Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметтері арасындағы келісім нәтижесінде құрылды;
15 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1821 жылы австриялық физик әрі химик Иоганн Йозеф өмірге келді. Ол 1865 жылы алғаш рет газ молекуласының санын, оның диаметрін есептеп шығарды;
1943 жылы Канада және АҚШ-тың кинорежиссері, сценарист, продюсер, актер Дэвид Кроненберг дүниеге келді. Ол 1999 жылы Канн кинофестивалінің қазылар алқасын басқарды;
1955 жылы америкалық рок-музыкант, Twisted Sister тобының көшбасшысы Ди Снайдер дүниеге келді;
1972 жылы америкалық панк-рок-музыкант, Blink-182 тобының вокалшысы Марк Хоппус өмірге келді.
15 наурызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1908 жылы әнші, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Соломон Колтон дүниеге келді;
1905 жылы режиссер, драматург, әнші, актер, Қазақстанның халық әртісі Қанабек Байсейітов өмір келді;
1914 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Мұзаппар Дайыров дүниеге келді. Қазақ КСР-нің Дайындау министрі қызметін атқарған. Бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған;
1920 жылы ғалым, ботаник-миколог, фитопатолог, биология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері Бердіқұл Қалымбетов дүниеге келді. Саңырауқұлақтың ғылымға беймәлім 100 түрін ашқан;
1936 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, агроном Көшкімбай Жанатов дүниеге келді;
1953 жылы ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалымжан Мұқанов дүниеге келді;
1958 жылы, танымал музыкант, скрипкашы Қазақстанның халық әртісі, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, ЮНЕСКО-ның шешімімен "Әлем әртісі" құрметті атағына ие болған Айман Мұсақожаева өмірге келді;
1962 жылы танымал қазақстандық музыкант, скрипкашы және дирижер Марат Бейсенғалиев өмірге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Шаян белгісінде орналасады. Сүйіктіңізбен байқап сөйлесіңіз. Бұл күні жағымсыз оқиғалар болып, адамдардан көңіліңіз қалуы мүмкін. Бірақ нөсер жаңбыр жауғаннан кейін күннің шуағы нұрлана шығатынын естен шығармаңыз. Барлығы жақсы болады.