Мәдениет

Димаш қатысудан бас тартқан шоудың жеңімпазы анықталды

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова америкалық таланттар шоуының финалына өте алмады
Sputnik

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Үндістандық тоғыз жасар пианиношы Лидиан Надхасварам The World's Best таланттар шоуында жеңіске жетті.  

Талантты бала миллион доллар алып, "Әлемнің үздігі" атағын иеленді.

Жас пианиношы финалда Бетховен мен Шопеннің туындыларын бірден екі рояльда ойнап шықты.

 Лидиан финалға шығу үшін Қазақстанның екі өкілі – Димаш Құдайберген және Данэлия Төлешовамен сайысқа түсті. Димаш балалармен жарысқысы келмейтіндіктен жобадан өз еркімен кетті, ал Данэлия соңғы кезеңге өте алмады.

Топтасып өнер көрсету санатында финалға таэквондошылар шықты. Қазылар мен сарапшылардың шешімімен жеңіс үндістандық қатысушыға бұйырды. Пианиношы 84, ал спортшылар 63 дауыс алды.