Қоғам

"Лауазымы төмендеді" - министр орынбасары болған Әбілқасымова туралы айтты

Бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған Мәдина Әбілқасымова кеше ұлттық экономика министірінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Sputnik

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өзінің бірінші орынбасары болып тағайындалған Мәдина Әбілқасымованың жаңа қызметінде немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр бұрынғы басшысы Әбілқасымова қандай адам екенін ашық айтты   

Дәленов министрлердің орынбасарлары үкіметтің шешімімен тағайындалатынын атап өтті.

Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

"Мәдина Әбілқасымова бұған дейін де ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеген, халықаралық блокпен айналысты. Қазір де сол жұмысын жалғастырады", - деді министр мәжіліс кулуарында.

Ол қарамағындағы қызметкерлерінің қызметіне қатысты түсініктеме бермейтінін айтты.

"Мен олардан жұмыстың орындалуын талап етемін. Осымен болды!", - деді Дәленов.

Сонымен қатар, министр әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Мәдина Әбілқасымованың тағайындалуын қалай қабылдағанын оқымағанын атап өтті.

"Жалақы арнайы кестемен реттеледі. Вице-министрдің жалақысы министрге қарағанда төмен. Бұл лауазымының төмендегені", - деді Дәленов.

Еске сала кетсек, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова үкімет қаулысымен ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Ол еңбек министрлігінің тізгінін бір жыл ұстады. Қазір министрлікті бұрын Ақтөбе облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев басқарады.

Мәдина Әбілқасымова туралы не білеміз: отбасы, білімі, еңбек жолы