Спорт

Жеңілмеген қазақ боксшысы Алматыда чемпиондық белбеуге таласады

Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов 24 наурызда WBC Asia чемпиондық титулы үшін жекпе-жекке шығады
Sputnik

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Жеңілмеген қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов кәсіби рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізуге дайындалып жатыр.

Отандасымыз кезекті қарсыласымен Алматыда 24 наурызда жұдырықтасады.

20 жастағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды — видео

Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды

Ахмедов оқырмандарының есіне сала кеткендей, жекпе-жек "Алматы Арена" мұз сарайында болады. Қарсыласының кім екені әзірге құпия. Жекпе-жекте WBC Asia чемпиондық белбеуі таласқа түседі.

Садриддин Ахмедов – қазақстандық кәсіпқой боксшы. Кәсіби рингке тұңғыш рет былтыр шығып, жеті жекпе-жек өткізді. Барлық кездесуде 21 жастағы нокаутер қарсыластарынан басым түсті.

Қаңтар айында Ахмедов мексикалық Абрахам Хуаресті ұтып, орташа салмақ дәрежесінде WBC бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанған.