Қоғам

"20°C жылы" Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК 12-14 наурыз аралығындағы ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы уақытта ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, алдағы үш тәулік бойы Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен күн жылы әрі ашық болады.

"Күндіз ауа температурасы 0…+8°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12…+20°С болады деп болжанып отыр. Бұл климаттық нормадан 4…10°С жоғары", - делінген хабарламада.

Ал елдің батыс және солтүстіктегі шеткері өңірлерде Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астана

  • 12 наурызда күн ашық, түнде -6 градус суық, күндіз +2 градус жылы;
  • 13 наурызда күн ашық, түнде -4, күндіз +4 градус;
  • 14 наурызда да ауа райы жауын-шашынсыз, түнде -1 градус суық, күндіз +5 градус жылы болады.

Алматы

  • 12 наурызда күн ашық, түнде +3, күндіз +9 градус жылы;
  • 13 наурызда да ауа райы жауын-шашынсыз, түнде +5, күндіз +12 градус жылы;
  • 14 наурызда түнде сынап бағанасы +7, ал күндіз +13 градусты көрсетеді.

Шымкент

  • 12 наурызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде +5, күндіз +17 градус жылы;
  • 13 наурызда түнде +7, күндіз +18 градус;
  • 14 наурызда да күн ашық, ауа температурасы түнде +8, күндіз +19 градусқа дейін көтеріледі.