Ресей Федерациясының тергеу комитеті Мәскеу қаласындағы пәтерлердің бірінде кішкентай қыздың жалғыз өзі тұрғанын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.
Тергеу комитеті жариялаған видеода пәтердің іші қоқысқа толып кеткен. Ішінде жуылмаған ыдыстар, бұзылған техника мен жиһаз шашылып жатыр, тіпті жиналған қоқыстан балконның есігі ашылмай қалыпты.
Осыған дейін РФ ІІМ Мәскеу қаласы бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшылары көршілердің шағымынан кейін адам тұрғысыз пәтердің есігін бұзып кіреді, себебі тұрғындар пәтерден баланың жылаған дауысы мен айғайды естіген екен. Полиция қызметкерлері пәтерде кішкентай қыздың жалғыз өзі тұрғанын анықтайды.
Ата-анасы базарға өлсін деп тастап кеткен сәби табылды
Мәскеулік тергеу комитеті баланың анорексияға шалдығып, мойнындағы алқасы терісіне жабысып өсіп кеткенін хабарлады. Сонымен бірге, қыз бала адамдармен дұрыс сөйлесіп, қарым-қатынас жасай алмайды. Кейбір БАҚ оған Маугли деген ат қойыпты.
Қазір қыздың анасы ұсталған, полиция тергеп жатыр. Әйелдің үстінен "Қастандық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жігіт әкесінің қол-аяғын байлап, қарға іш киімімен тастап кеткен