Оқиға

Алматының қақ ортасында атыс болды

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу жүріп жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Алматы полициясы қаланың ортасында атысқан төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға 7 наурызда Бостандық ауданында болған.  

"Осы іске қатысты 4 күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді полициядағылар.

Атыстың видеосы Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында жарияланды. Видеода қара түсті Gelandewagen көлігінің жанында бірнеше ер адам сөйлесіп тұрады. Бір уақытта қолында тапаншаға ұқсас заты бар адам олардың қасына жүгіріп келіп, оқ ата бастайды. Жиналған еркектер бас сауғалап, жан-жаққа қаша жөнеледі.

Тағы оқыңыз: Батыс Қазақстанда полицей өз бастығын атып өлтірді