Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 наурыз

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 70-ші күн. Жыл соңына дейін 295 күн бар
Sputnik

11 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

11 наурызда қандай айтулы оқиға болды

Бұл күні 1801 жылы І Павелдің жарлығымен Волга және Орал өзендерінің арасында Бөкей ордасы құрылды. Патша үкіметі бұл қадамға Кіші жүз руларының патшалық отарлау саясатына қарсы наразылығы күшейіп кеткен соң барды.

11 наурызда Ресейде есірткімен күрес органы қызметкерлерінің күнін аталып өтеді. Бұл мереке РФ Есірткі және психотропты заттар айналымын қадағалау бойынша мемлекеттік комитетті құру туралы 2003 жылы 11 наурызда шыққан қаулының құрметіне 2008 жылы бекітілді.

11 наурызда Литва Республикасы тәуелсіздігін қайта қалпына келтіру күнін тойлайды. 1991 жылғы қаңтарда Вильнюсте Кеңес әскерлері телеорталық ғимаратын басып алды. Осы қақтығыстан кейін Литва наурыздың 11-інде 1918 жылы жарияланған тәуелсіздігін қайта қалпына келтірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын тәуелсіз деп жариялады. Литва - КСРО құрамындағы алғашқы болып тәуелсіздігін жариялаған ел.

Тәжікстан жыл сайын 11 наурызда тәжік баспасөзі күнін атап өтеді. Осы күні 1912 жылы тәжік тіліндегі алғашқы газет жарық көрген. Ол "Қасиетті бұқара" деп аталды. Көп ұзамай бұл басылым тәжік әміріне ұнамай, жабылып қалады. 

Одан кейінгі басылымы кеңес билігі кезінде, яғни 1925 жылы "Тәжіктердің мейрамы" атауымен жарық көрді. Тәжікстанда баспасөз күні журналистер бас қосып, отандық БАҚ-ты қалай дамыту керектігі туралы түрлі талқылаулар өткізеді. Соңғы жылдары мұндай басқосуларда Тәжікстанда интернетті дамыту, парсы тіліндегі электронды кітаптарды жарыққа шығару тақырыптарына көп көңіл бөлінуде.

11 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1824 жылы АҚШ-та үндістер істері жөніндегі бюро құрылды;

1834 жылы Ресей  патшасы - Николай I "Әскери емес шенділерге арналған мундир жөніндегі ережені" бекітті;

1869 жылы Еуропа алғаш рет аюдың бөлек түрі панданың барын білді;

1878 жылы Француз академиясының отырысында Томас Эдисон фонографты алғаш рет таныстырды.

11 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1937 жылы КСРО Қызыл Крест қоғамдық одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамының құрамындағы республикалық ұйым ретінде Қазақ КСР Қызыл Крест қоғамы құрылды.

2007 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Катар мемлекетінің "Тәуелсіздік" ордені табыс етілді. Бұл - шетелдік мемлекеттер басшыларына берілетін ең жоғары награда.

2012 жылы Халықаралық көрме бюросының сараптамалық комиссиясы осы ұйымының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталестің басшылығымен Астанаға ресми сапармен келді.

2013 жылы "Қазақстан инжиниринг"  "EUROCOPTER"  компаниясымен әскери тікұшақтар шығару туралы жаңа келісімге қол қойды.

2016 жылы Түрияда ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында "Тәттімбет атындағы саябақ ашылды.

11 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1906 жылы бүкіл әлемге танымал Davidoff швейцар фирмасының негізін қалаушы Зино Давидофф (темекі,  парфюмерия, кофе және басқасы) дүниеге келді;

1907 жылы британ бишісі, әншісі әрі актрисасы Джесси Мэтьюз ("Жұма, 13-і", "Вена вальстері" фильмдері) дүниеге келді;

1948 жылы француз киноактрисасы Доминик Санда  ("Пальтодағы адам", "Қабырғадағы отбасылық портрет") дүниеге келді;

1950 жылы америкалық кинорежиссер, сценарист, продюсер әрі актер Джерри Цукер ("Қынапсыз тапаншамен", "Аса құпия" фильмдері) дүниеге келді.

11 наурызда Қазақстанда кім туды

1893 жылы ғалым, қазақ тілі әдіснамасының негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі  Шамғали Сарыбаев дүниеге келді;

1947 жылы ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамының президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркебек Арғымбаев дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бүгін маңызды құқықтық құжаттарға қол қойып, келісімшарттар жасасуға қолайлы. Кез келген қаржылық және коммерциялық іс-әрекеттерге, сауда-саттық жасауға осы айдағы тиімді күн. Өміріңіздегі болашақ өзгерісті меңзейтін белгілер берілуі мүмкін. Сондықтан айналадағы дүниелерге мән бере жүріңіз.