Әлем

Үйде кімнің күлгенін бақылау камерасынан көрген отбасының зәре-құты қалмады – видео

Отбасы жақында көшіп келген ескі үйден тылсым дауыстар ести бастаған
Sputnik

АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. 39 жастағы Англия тұрғыны, үш баланың анасы үйіндегі бақылау камерасына тылсым елестің түсіп қалғанын хабарлады.

Хатшы Аманда Пападопулос пен оның бүкіл отбасы бұл оқиғадан кейін зәре-құты қалмай отыр. Олар жақында көшіп келген үйдің ауласынан тылсым жайтты байқаған. Елес әрлі-берлі жүгіріп, шалт қимылдап жүргендей көрінді. Осының бәрі бақылау камерасына түсіп қалыпты, деп жазады The Sun.

Кадрларды көрген әйел бұл жайтты өзінше түсіндіріп көрмек болды. Оның айтуынша, баланың елесі отбасының ескі үйде жөндеу жұмыстарын жасағанына ызаланған сияқты. 1903 жылы салынған ғимарат ертеректе мектеп болған.

Видеоға түсіп қалған елес музей қызметкерлерінің зәресін алды

Сонымен бірге Аманданың сөзіне сүйенсек, өзі де, күйеуі де, балалары да бұрын үйден біртүрлі дауыстар естіпті. Мысалы, әскерлер шеп құрып бара жатқандай болған. Ал бір күні түнде баланың күлген дауысынан оянады, ол кезде Аманданың өз балалары ұйықтап жатыпты.

"Мен мұны шынымен естіп тұрмын ба, әлде есімнен адастым ба деп ойладым. Сол кезде қызым да оянып кетті", - деп әйел еске алады.