АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Қазақстан тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екенін мәлімдеді.
Соңғы жылдары ДДҰ қолдауымен үш зерттеу жүргізіліп, Қазақстан әлемдегі тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екені анықталған. Мамандардың айтуынша, елде әрбір адам күніне 17 г тұз тұтынады, бұл ДДҰ ұсынған нормадан төрт еседей артық көрінеді.
Зерттеу көрсеткендей, Орталық Азияда дәстүрлі тұзды тағамдарды өндіру үрдісі әлі де жалғасып келеді, ал өңделген азық-түліктердің пайда болуы жағдайды одан сайын нашарлатып жіберген, деп жазды Новости ООН.
ДДҰ азық-түліктің бұл зиянды бөліктері созылмалы аурулардың көбеюіне әкелетінін ескертті.
"Дәрігерлер Қазақстан халқы дұрыс тамақтану, әсіресе тұзды тұтынуға қатысты ұсынымдарды ескермейтін болса, бұл жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, екінші типті қант диабеті мен онкологиялық аурулардың артуына әкелетінін ескертеді", - деп атап өтті ДДҰ мамандары.