Қоғам

Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі қандай - видео

Сыра зауытының бұрынғы басшысы он адамдық камерада тұрып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. 21 жылға сотталған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешов жазасын Шымкенттегі түзету мекемесінде өтеп жатыр.

"Сыра королінің" қалай тұрып жатқанын жергілікті Otyrar.kz басылымы хабарлады.

10 адамнан жайғасатын камерада Тоқтар Төлешовке екі жарым шаршы метрі ғана бекітілген. Таңғы сағат 6:00-да оянып, түнгі 22:00-де ұйқыға жататын қылмыскер қазір түрмедегі ауыр жұмысқа араласпайды, тазалықпен ғана айналысады екен.

Қазақстанда сотталған дөкейлер жазасын қайда өтеп жүр?

Түрмеде есік-терезе немесе еден жуады, себебі аса қауіпті қылмыскер ретінде қатаң қадағалауға алынған. Әрі түскі асты өзгелермен бір үстелде отырып, тамақтануға рұқсат беріліпті.

Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі қандай - видео

Еске сала өтсек, 2016 жылы Тоқтар Төлешов соттың үкімімен 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Оған мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айып тағылған еді. Сондай-ақ, салықтан жалтарғаны, экономикалық қылмыстарға барғаны үшін айыпты деп танылды.

Төлешовтің тәркіленген таза қанды сәйгүліктерінің тағдыры не болды?

Сот үкіміне сәйкес, Тоқтар Төлешов мемлекетке 1,5 миллиард теңгеге жуық өтемақы төлеуге міндеттеліп, мал-мүлкі тәркіленіп, коммерциялық мекемелерде басшылық етуден шеттетілген еді.