Спорт

"Жағдайым мәз емес": Полторанин Австрияда ұсталуына қатысты пікір білдірді

Шаңғышы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, мұның өзі мен отбасы үшін аса маңызды екенін атап өтті
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Австрияда ұсталғаннан кейін алғаш рет жанкүйерлеріне үндеу жасады.

"Маған қолдау көрсеткен жандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Бұл мен және отбасым үшін маңызды. Жағдайым мәз емес, бірақ бұл да өтер-кетер", - деді Полторанин КТК арнасына.

Сыртқы істер министрлігі шетелде ұсталған Полторанин туралы: қайда жүргенін білмейміз

Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы мен Австрия және Германияның тағы төрт шаңғышысы әлем чемпионатында допингке қарсы рейд кезінде ұсталған болатын. Біраз уақыттан кейін Полторанинді қамаудан босатқаны белгілі болды.

Кейінірек қазақстандық дипломаттар мәлімдегендей, қазақстандық Мәскеуге кетіп қалыпты.

Телеарнаның хабарлауынша, ол қазір отбасымен Мәскеу облысында жүр. Спортшының Қазақстанға қашан оралатыны әлі белгісіз.