Қоғам

Назарбаев жөтеліп отырған екі әйелге өз қолымен дәрі апарып берді – видео  

Мемлекет басшысының қамқорлығы кездесуге келген әйелдердің жүрегін елжіретті
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Бүгін "Ақорда" резиденциясында мемлекет басшысы әйелдер қауымы өкілдерімен "Көктем шуағы" атты кездесу өткізді.

Кездесуге қатысқан қыз-келіншектердің ішінде екеуінің салқын тигізіп алып, жөтеліп отырғанын аңғарған Елбасы оларға көңіл бөліп, қамқорлық танытты. Президент орнынан тұрып, өз қолымен дәрі апарып берді. Сондай-ақ, оларға зор денсаулық тілеп, тезірек сауығып кетуіне ниеттестік білдірді.