Дерекқор

"Жұмыс істе" Назарбаевтан екі рет сөз естіген Астана әкімі туралы не білмейміз?

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз
Sputnik

Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып 2018 жылдың 11 қыркүйегінде тағайындалды. Бұған дейін ол қаржы министрлігін басқарған еді.

Өмірбаяны

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада Алматыда дүниеге келген.

Тағы оқыңыз: Астана әкімі көп балалы аналарды өзі қабылдап жатыр - видео

Білімі

1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, ал 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Тағы оқыңыз: Халықтың ашуына тиген экс-министр: Мадина Әбілқасымова туралы қызықты деректер

Отбасы

Үйленген, әйелі – Регина Фандесовна Сұлтанова. Анель есімді қызы мен Данияр және Әмірлан есімді ұлдары бар.

Еңбек өтілі

  • Еңбек жолын 1994 жылы қаржы министрлігінде қаржы нарығының құнды қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады;
  • 1995 жылы бөлім басшысы, 1996 жылы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды;
  • 1997 жылы – бюджет департаменті директорының орынбасары;
  • 1998 жылы – мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры;
  • 1999 жылы – қазынашылық департаменті директорының орынбасары;
  • 2001 жылы – бюджет департаменті директорының орынбасары;
  • 2002 жылы – қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет департаментінің директоры;
  • 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың маусымына дейін – экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджет саясаты және жоспарлау департаментінің директоры;
  • 2003 жылдың маусымынан 2006 жылдың ақпанына дейін – экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
  • 2006 жылдың ақпанынан 2007 жылдың қаңтарына дейін – статистика агенттігінің төрағасы;
  • 2007 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың тамызына дейін – қаржы вице-министрі;
  • 2007 жылдың 10 тамызынан бастап – экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
  • 2010 жылдың 13 наурызында президенттің көмекшісі болып тағайындалды;
  • 2012 жылдың 21 қаңтарынан 2013 жылдың 6 қарашасына дейін –  президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
  • 2013 жылдың қарашасында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды;
  • 2013 жылдың 6 қарашасынан 2018 жылдың 11 қыркүйегіне дейін – қаржы министрі;
  • 2018 жылдың 11 қыркүйегінен – Астана әкімі.

Партия қызметі

"Нұр Отан" партиясының Астанадағы филиалының төрағасы;

"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі.

Тағы оқыңыз: Шымкентті "зың" деп, "вау" етуге уәде берген Ғабидолла Әбдірахымов – қызықты деректер

Астана әкімі көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешті
Марапаттары

2001 жылы Қазақстан президентінің алғыс хатымен, 2005 жылы премьер-министрдің алғыс хатымен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", 2006 жылы "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл", 2008 жылы "Астанаға 10 жыл", 2011 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ 2012 жылы "Парасат" орденімен марапатталды.

Әскери қызметі, әскери шені

Запастағы лейтенант

Бақыт Сұлтанов туралы қызықты деректер

Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болмай тұрып, қаржы министрлігін бес жылдай басқарды. Осы аралықта ол президенттен мақтау сөз де естіді, қатаң сынға да ілікті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев: әлеуметтік көмек 1 сәуірден бастап төленуі тиіс

Былтыр ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент салық органдарында тексерушілер санын қысқартпаймыз деген экс-министрге екінші рет ескерту жасаған болатын.

"Бұл жаза сіздерге аз сияқты!" Астана әкімі бірқатар шенеунікке шара қолданды
"Мен саған екінші рет ескерту жасап отырмын. Үшіншісі соңғы болуы мүмкін. Жұмыс істе", - деген еді Назарбаев.

Мемлекеттің ақшасын уақытында әрі тиімді игермегені үшін де президенттен сөз естіді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де парламент қабырғасында экс-министрге талай рет шүйліккен. Бұрынғы министрдің "түсініксіз" жауаптары төменгі палата спикерінің көңілінен шыға бермейтін.

Мәселен, мәжілісте ұлттық компанияларды жекешелендіруге қатысты мәселе қаралған кезде Нығматулин:

"Осындай да жауап бола ма?! Министр мырза, сіз дұрыс жауап беріңіз немесе мүлдем жауап бермеңіз", - деп сынаған еді Сұлтановты.

Ал министрліктен Астана әкімдігіне ауысқан кезде, Сұлтанов жаңа жұмыс орнына жаяу баратынын айтты.

"Мен бұрын да жұмысқа жаяу баратын едім, қазір де үйім жақын болғаннан кейін, біраз айналып бару қажет болды. Бұл жаңа жұмысыма көп көмегін тигізіп отыр, әрине. Өйткені көшелерді аралаған кезде, біраз кемшілікті байқайсың", - деген еді ол жаңа қызметіне кіріскеннен кейін бір аптадан соң.

Сондай-ақ, Сұлтанов елорданың бұрынғы әкімі Әсет Исекешевтің прогрессивті идеяларын жалғастыруға уәде берген болатын.

Барша қазақтың қабырғасын қайыстырған бес баланың қазасы Сұлтанов үшін алғашқы сынақ болды десе де болады. Апалы-сіңлілі қыздардың өлімі елде қордаланған әлеуметтік проблемалардың барын көрсетті. Ауыр трагедиядан кейін елорда басшысы көпбалалы аналарды жеке-жеке қабылдап, баспана және тағы басқа мәселелерді шешуге уәде етті.

Тағы оқыңыз: Астана әкімі үлескерлерге: оңай болмайды

Бұған қоса, алаяқтарға алданып қалған үлескерлердің мәселесі де Сұлтановтың назарынан тыс қалмады. Алдағы үш жылда бұл мәселені шешіп беремін деген әкім бір баспанаға зар болып жүрген астаналықтарға үміт отын сыйлады.