Өңірлер

Халықаралық әйелдер күнінде ауа райы қандай болады?

Көктемдегідей атмосфералық фронттар тез ауысып, демалыс және мереке күндері Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді
Sputnik
Халықаралық әйелдер күнінде ауа райы қандай болады?

"Республиканың солтүстік облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, боран, батыстан соққан қатты жел және көктайғақ болады. Оңтүстік өңірлерде кей аудандарда жауын-шашын түсуі мүмкін, негізінен жаңбыр жауады. Бүкіл аумақта ауа температурасы климаттық мәннен жоғары, түнде және таңертең тұман түседі", - деп мәлімет берді Қазгидромет инженер-синоптигі Айнур Кайынбаева.

Елордада Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызда ауа райы көшпелі бұлтты, күндіз ауа температурасы 3-5 градус аяз. Алматыда сынап бағанасы күндіз 8-10 градус жылылықты көрсетеді. Шымкентте мереке күні жаңбыр жауып, ауа температурасы 11-13 градусқа дейін көтеріледі.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қайдан шыққан?