Өңірлер

Ақтөбе облысында екібасты бұзау туды – видео   

Жақындасқан жануарлардың арасында туыстық байланыс болғаны анықталды
Sputnik

АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Әйтекеби ауданына қарасты Комсомол ауылында сиыр екібасты бұзау туды.  

Желіде екібасты бұзаудың видеосы тарап кетті. Ветеринар мамандар ерекше бұзау туған жануарлардың арасында туыстық байланыс болған деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

"Комсомол ауылы тұрғынының сиыры екібасты өлі бұзауды үшінші наурыз күні туды. Жақындасқан жануарлардың арасында туыстық байланыс болғаны анықталды. Яғни бұзау туған сиыр бұқаның баласы болып шықты", – дейді аудандық ветеринария бөлім басшысы Әйгерім Дабылова.