Әлем

Құрылыс алаңына ерекше селфи жасауға барған оқушыларды зорлап кетті

Полицейлер дереу күдіктіге іздеу жариялап, 3 наурыз күні қолға түсірді  
Sputnik

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Ресейдің Волгодонск қаласында екі жасөспірім қызға азғындық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.  

Жалғызбасты ана қызын зорлап жатқан үш еркекті жайратып салды
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өткен аптаның сенбісінде, 2 наурыз күні жасөспірім қыздар (14 және 15 жаста) Гагарин көшесінде орналасқан балалар емханасының жанындағы қараусыз қалған құрылыс алаңында ерекше селфи жасамақ болған. Сол жерде оларға ересек ер адам келіп, қыздарды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, содан кейін ізін суытқан.

Болған оқиға полицейлерге жетіп, бірден күдіктіге іздеу жарияланды, деп жазды "Блокнот Волгодонск".

  Сол күні кешке В-У және В-16 шағын аудандарындағы дүкендерге бағыттама орналастырылып, әлеуметтік желілер арқылы зорлықшының фотороботы таратылды.

Отағасы әйелін зорлаған қаскүнемнің жыныс мүшесін кесіп тастады

Ол жексенбі күні ұсталып, Волгодонск Тергеу бөліміне жеткізілді.

Күдіктіге қатысты "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.