Оқиға

Қырғызстанда Қазақстан азаматы қаза болды: министрлік түсініктеме берді

Қырғызстандағы ауылдардың бірінде көліктен Қазақстан азаматының денесі табылған
Sputnik

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырғызстанның Шу облысында қазақстандық Атанух Шерматовтың қаза болуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан азаматы Қытайда көз жұмды

Сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір Қырғызстан полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстан азаматы Түркия әуежайында өз-өзіне қол жұмсады

"Өткен аптада Бішкек қаласы маңында көліктердің бірінен жас жігіттің денесі табылды. Ол - Қазақстан азаматы. Марқұмның мәйіті туыстарына берілді. Бастапқы деректер бойынша, қазақстандық өз-өзіне қол салған. Қаза тапқан жігіттің жанынан тапанша табылды. Ол өз-өзіне оқ атқан. Қырғызстан полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеудің қорытындысын күтейік, толық ақпаратты кейін жариялаймыз", - деді ол.

Айта кетсек, осыдан бұрын Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңындағы Қой-Таш ауылында "Мазда-6" көлігінің ішінен 20-25 жастағы жігіттің денесі табылғанын мәлімдеді. Полицияның болжамы бойынша, ол өз-өзіне қол салыпты. Мәйіттің жанынан "Макаров" тапаншасы табылған. Қырғызстандық полицейлер анықтағандай, қаза тапқан адам - Қазақстан азаматы, есімі - Атанух Шерматов.

Мәскеуде өз-өзін өлтірген қазақстандық студенттің денесі елге жіберілді