Өңірлер

Қалам мен скотч: Жаңаөзенде қыздың ішегінен тағы қандай зат шықты

Кішкентай науқас ішім ауырды деп шағымданғаннан кейін оның ішегінде бөтен заттар бар екені анықталды
Sputnik

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Жаңаөзен дәрігерлері ақыл-ой кемістігі мен сал ауруынан зардап шегетін 12 жастағы қыздың ішегінен әртүрлі заттар, оның ішінде скотч, қалам және шаш алып шықты, деп хабарлады lada.kz порталы.

Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты
Қыз бірнеше рет ата-анасына ішім ауырды деп шағымданғаннан кейін балаға тексеріс жүргізілген. Оның себебі дәрігерлер рентген аппаратына суретке түсіргеннен кейін анықталды. Ішекте түрлі заттар бар болып шықты, олардың кейбіреуінің көлемі өте үлкен болған.

Тексеріс нәтижесі алынғаннан кейін дәрігерлер қыздың жағдайы бірте-бірте нашарлап бара жатқанын көріп, жедел операция жасауға шешім қабылдады.

"Дәрігерлер операция барысында қыздың ішегінен қалам, скотч, шаш алып шықты", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство операция еш асқынусыз сәтті өткенін хабарлады. Қыздың жағдайы жақсарып келеді, көп ұзамай ауруханадан шығарылады.